«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабына сәйкес, «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 11 қазандағы Заңы 5-бабының 4-тармақшасына сәйкес Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастырылуы қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      2. «Астана қаласының Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» мемлекеттік мекемесінің бастығы осы қаулыны кейіннен бұқаралық ақпарат құралдарында жариялаумен әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді және Астана қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің орынбасары Е.Т. Қожағапановқа жүктелсін.

      Әкім                                       И. Тасмағамбетов

      КЕЛІСІЛДІ:
      Қазақстан Республикасы
      Дін істері агенттігінің
      Астана қаласы Дін істері
      департаментінің директоры                  Ж. Дәуренов

      Астана қаласы Дін істері
      департаментінің бас маманы                 А. Мұқажанов

Астана қаласы әкімдігінің
2012 жылғы 31 шілдедегі
№ 111-1076 қаулысына
қосымша

Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық
материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы
тұрақты үй-жайлардың орналастырылуы

 

р/с № Кітап дүкендерінің атауы Дүкендердің мекен-жайы
Алматы ауданы

1.

«Күлтегін» дүкені Абылай хан даңғылы, № 6/1 үй

2.

«КиК» дүкені Абылай хан даңғылы, № 29/1 үй

3.

ЖК «И.М.Вороненко» Абай даңғылы, № 89 үй
Сарыарқа ауданы

4.

«Абай» дүкені Ә. Бөкейхан көшесі, № 30 үй

5.

«Кәусар» дүкені Бейбітшілік көшесі, № 69 үй

6.

«Алматы» дүкені Абай даңғылы, № 39 үй

7.

«Книжный Эльдорадо» дүкені Бейбітшілік көшесі, № 31 үй
Есіл ауданы

8.

«Эльдорадо» дүкені Д. Қонаев көшесі, № 35/1 үй